Ақтөбеде мұнай ұрлығы туралы іс бойынша тоғыз адам ұсталды

1297

Ақтөбеде мұнай ұрлығы туралы іс бойынша тоғыз адам ұсталды

Ақтөбеде мұнай ұрлығы туралы іс бойынша ұсталғандардың саны бүгінгі күні тоғыз адам болды,  деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан" агенттігі облыстық сотқа сілтеме жасап.

Бұған дейін аталған іс бойынша жеті адамның ұсталғаны хабарланған болатын. Олар Саят Дүсіпов, Есенжан Еркетаев, Азат Амитов, Бауыржан Батыров, Нұрлан Казкенов, Жанат Ілиясов және Аухат Қалиев.
Агенттікке дереккөздің берген ақпараты бойынша, сот  1-топтағы мүгедек Еркін Ізбасарды да тұтқындау туралы санкция берген. Оған  "Төрт ағайын" атты қылмыстық топ құрды деп айып тағылды және соттың дәйегі бойынша,  мұнай өнімдері ұрлығына тікелей қатысы бар. Ұсталған тоғызыншы  – Адайбек Сәрсенов, оны тұтқындау туралы санкция жексенбі күні берілді, деді сот өкілдері.

Олардың барлығына  ҚР Қылмыстық кодексі 197 бабының 1,2 тармақшалары 4-бөлімінде ( мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, сату, сақтау, сондай-ақ мұнайды шығу тегінің заңдылығын растайтын  құжатсыз өңдеу)  және  262-бабының 2-бөлімінде (қылмыстық топ, қылмыстық ұйым құру  және басшылық ету, сондай-ақ оларға мүше болу) қарастырылған қылмыстарды жасады деген айып тағылуда. Қамауға алынғандар тергеу изоляторына кемінде екі ай уақыт болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу