Ақтөбеде мұз сарайы мен теннис академиясы салынады

945

Ақтөбеде мұз сарайы мен теннис академиясы салынады

Ақтөбеде биыл мұз сарайы мен теннис академиясы, "Жұбановтар әуені" мұражай үйінің және "Аналар үйінің" құрылысын бастау жоспарланып отыр. Көрсетілген МЖС жобаларының жалпы құны – шамамен 4,8 млрд теңге. Бұл туралы Ақтөбе облысының сәулет, құрылыс және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Төленбергенов "Ақтөбе ақпарат" ақпарат орталығында өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Құрылысы 2016 жылы басталған мемлекеттік жекеменшік серіктестіктің оқушылар сарайы, неке сарайы, жастар сарайы, жекпе-жек сарайы, өлкетану мұражайының ғимараты секілді ірі нысандарының құрылысы аяқталуға жақын. Хоккей модулін іс жүзінде салынып бітті деуге болады, тек құрал-жабдығын қондыру ғана қалды.

Еске сала кетейік, 2016 жылы Ақтөбе облысында мемлекеттік-жеке серіктестіктің бес жобасын жүзеге асыру аяқталды. Соның ішінде психоневрологиялық ауруға шалдыққан балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен аналар мен балаларға арналған дағдарыс орталығы ашылды.

2017 жылы өңірде 38 МЖС жобасының 27-сін жүзеге асыру аяқталады. 2016-2018 жылдары жүзеге асырылған және жоспарланған МЖС жобаларының жалпы құны – 28 млрд теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу