Ақтөбеде мыңдаған тұрғын бір мезетте Әнұран шырқады

2418

Шара Ақтөбенің орталық саябағындағы тутұғыр маңында өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Ақтөбеде мыңдаған тұрғын бір мезетте Әнұран шырқады

Көпшіліктің мұнда жиналуының мәні бар. Тутұғырдың биіктігі – 91 метр, Қазақстанның тәуелсіздігін алған жылмен байланысты. Жиын басталмас бұрын көк байрақ салтанатты жағдайда жоғарыға көтерілді.

Әнұранды Ақтөбе қалалық мәдениет үйінің эстрадалық-үрмелі оркестрі сүйемелдеуімен қазақ камералық хорының солистері бастап, халық қосылды.

Әнұранды шырқауға келгендер арасында егде жастағылар да, атақты спортшылар да, студенттер мен әскерилер де бар.

Көптің арасынан мемлекеттік рәміз-көк байрақты қолына ұстап келгендер бірден көзге түсті. Олармен естелік суретке түсіп жатқандар көп болды. 

"Бүгінгі шараға әдейі туды жамылып келдім.  Үйімнің төрінде ілулі тұрған байрағым.  Осындай айтулы мерекелерде көше жақ беттегі балконыма іліп қоям. Жаңа көшеде келе жатып жамылып келдім. Мені көрген көліктегілер  қошеметін білдіріп, сигнал беріп жатты. Кеудені қуаныш кернейді сол кезде", - дейді қала тұрғыны Айдос Жоламанов.

Жиынның ерекше сәті - көліктер коллоннасы болды. Көк туды ұстаған жігіттер 12 аппақ көлікпен тутұғырды айналып жүріп өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу