Ақтөбеде МЖС аясында 28 денсаулық сақтау нысаны салынады

556

Ақтөбеде МЖС аясында 28 денсаулық сақтау нысаны салынады

2017 жылы Ақтөбе облысында мемлекеттік-жеке серіктестік аясында 28 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып отыр. Мұны Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев "Ақтөбе ақпарат" орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Денсаулық сақтау саласын дамытудың "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Ақтөбе облысында денсаулық сақтау нысандарының материалдық техникалық базасын жақсарту мен емдеу диагностикалық процесті жетілдіру және басқарудың алдыңғы қатарлы әдістерін енгізуге қатысты бірқатар инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

"Мемлекеттік-жеке серіктестік аясында 2017 жылы жалпы құны 18 млрд теңгенің 28 денсаулық сақтау нысаны, оның ішінде Ақтөбе қаласында 7 ірі жоба мен аудандарда 21 нысанның құрылысы жоспарланып отыр", – дейді Әсет Қалиев.

Басқарма басшысы сонымен қатар, 2016 жылы мемлекеттік-жеке серіктестіктің үш жобасын, яғни 60 кереуетке арналған офтольмологиялық аурухана, үш аралық бекеті бар 150 мың шақырту қабылдайтын облыстық жедел жәрдем медициналық бекетін, бір ауысымда 300 адамды қабылдайтын қалалық балалар стоматологиялық емханасын жүзеге асыру басталғанын еске салды.

Әсет Қалиевтің айтуынша, бұл нысандарды осы жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарда бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу