Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген әкім орынбасары қамауға алынды

331

Сондай-ақ, шенеунік сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. 

Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген әкім орынбасары қамауға алынды Фото: freepik

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, 9 наурыз күні полиция қызметкерлері шенеуніктің көлігін тоқтатқан.

"Азамат К. полиция қызметкерлерінің алкогольдік, есірткілік мас болу фактісі бойынша медициналық тексеруден өту туралы заңды талабын орындаудан бас тартқан", - деп хабарлады Әйтекеби аудандық соты. 

Сот отырысында аудан әкімінің орынбасары кінәсін мойындамай, денсаулығына байланысты сараптамадан өте алмайтынын айтқан.

"Алайда, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсі іс материалдарымен (бейне жазба, аурухана қызметкерлері мен наркологтың айғақтары) расталды. Дәрігер сотта шенеуніктің медициналық тексеруден бас тартқанын, денсаулығының нашарлауы анықталмағанын айтты. Сот шешімімен шенеунік кінәлі деп танылды", – делінген сот хабарламасында.

Сот шенеунікті сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу