Ақтөбеде о дүниелік болғандар да жеке кәсіпкер ретінде әлі тіркеуде тұр

1393

Ақтөбеде о дүниелік болғандар да жеке кәсіпкер ретінде әлі тіркеуде тұр

Ақтөбе облысында тіркелген жеке кәсіпкерлердің кейбірі өзінің бизнес иесі екенінен бейхабар. Көбі 2000-2005 жылдары жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеліп, кейін оны ұмытып кеткен. Қазір олардың біразы зейнетке шығып, саудагерлікті тоқтатқан. Сонымен қатар, о дүниелік болған ақтөбеліктер жеке кәсіпкер тізімінен шығарылмаған. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова мәлім етті.

 "Ақтөбе облысында 10 мыңға жуық кәсіпкерлік субьектісі жұмыс істемейді. Жұмыс істемейтін кәсіпкерлік субьектісінің көбі 2000-2005 жылдары тіркеліп, кейін қызметін тоқтатқан. Мәселен, автопаркте жұмыс істейтін адамдар патент алып, автобусты жалдап, көлік жүргізген. Олар әлдеқашан зейнетке шыққан. Сонымен қатар, сатушылар да өзінде жеке кәсіпкер ретінде патенттің барын білмейтін болып шықты", – дейді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, кейін басқа облысқа, тіпті, шетелге көшіп кеткен адамдар да тізімнен шығарылмаған.

"Германия, Украинаға көшіп кеткен, қайтыс болған кәсіпкерлер де бар. Олар  туралы облыстық әділет департаментіне сұрау салып, тіркеуден шығарып жатырмыз. Бір аптада қайтыс болған 75 адам туралы  мәлімет алдық", – дейді. А.Даржанова.

BNews.kz 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу