Ақтөбеде облыс әкімдігі ғимаратында өрт шықты

120

Оқиға кешкі уақытта болған. Қазір өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.  

Ақтөбеде облыс әкімдігі ғимаратында өрт шықты Фото: ҚР ТЖМ

Ақтөбеде облыс әкімдігінің ғимаратында өрт тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен техникалары жедел жетіп, бірден өртті оқшаулау шараларын қолға алды. Мамандар өрт сөндіру оқпандарын беріп, жалынды толық жою үшін барлық қажетті әрекеттерді жүргізуде. Сонымен қатар, су үздіксіз жеткізіліп жатыр.

Ғимараттан адамдар эвакуацияланып, оқиға орнында жедел штаб құрылды. Алдын ала мәлімет бойынша, 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу