Ақтөбеде облыс әкімінің орынбасары қамауға алынды

1270

Бұл туралы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының орынбасары мәлімдеді.  

Ақтөбеде облыс әкімінің орынбасары қамауға алынды

Ақтөбеде облыс әкімінің орынбасары Руслан Мамунов қамауға алынды, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазір ол сот санкциясымен абақтыда отыр.  Еске салсақ, 39 жастағы шенеуніктің қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы бұған дейін де ақпарат шыққан болатын. Алайда, Руслан Мамунов әлеуметтік желідегі парақшасында видеомәлімдеме жасап,  төрт жыл бұрынғы іске куәгер ретінде қатысып жатқанын алға тартқан болатын. Руслан Мамунов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметіне өткен жылдың қарашасында тағайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу