Ақтөбеде оқушы қыздар төбелесті

1736

Оларға сыныптастарының "әдепсіздік танытқаны" ұнамапты.

Ақтөбеде оқушы қыздар төбелесті

Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбаршы ауылында 9-сыныпта оқитын үш қыз сыныптастарын ұрып-соққан. Кәмелетке толмаған жасөспірім қыздарға оның өздеріне "әдепсіздік танытқаны" ұнай қоймапты.

Ұялы телефонға түсірілген бейнежазба тез арада көпшілікке тарап кетті. Оны көргендерді жас қыздардың бойындағы қатыгездік қана емес, біреуінің хиджаб киіп жүргендігі де таңғалдырды. Пікір қалдырушылардың ішінде "жабық киінген қыздарды иманжүзді деп санап келгендіктен таң-тамаша қалып отырғанын" жазғандар да бар.

"Қазіргі күні Темір аудандық ішкі істер бөлімі бұл дерек бойынша жұмыс істеп жатыр. Инспекторлар білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандардың әркеті бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді", - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Көп ұзамай төбелеске қатысқан қыздар ұрып-соққан сыныптастарынан және оның ата-анасынан жылап тұрып кешірім сұраған.

"Ашу үстінде адам не істемейді! Сол үшін мен оны шашынан тартып, сүйредім, аяғына бірдеңе тығып алған шығармын, онда тұрған ештеңе жоқ. Мына қыздар жай айдалада жүрген, бәріне кінәлі мен, мен жауаптымын", - дейді топтың ұйымдастырушысы. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу