Ақтөбеде оқушы мектепте қайтыс болды

4593

Ол мойын тұсымен үстелге соғылған. 

Ақтөбеде оқушы мектепте қайтыс болды Фото: Inbusiness.kz

Қайғылы жағдай №27 мектепте болған. 7 сынып оқушысы үстелдің шетіне соғылып, жарақат алған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жарақат алған сәтте бала тыныс алмай қалған. 12 жастағы оқушы жедел жәрдеммен ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілген.

"Жедел жәрдем бригадасы пациентті тамақ тұсындағы және көкірек тұсындағы жарақат диагнозымен алып келді. Ол клиникалық өлім жағдайында болды. Ұйқы күретамырын басып көргенде, тамыры соқпаған, артериялық қан қысымы анықталмаған. Ес-түссіз болды. 30 минут бойы жүргізілген реанимациялық шаралар нәтижесін бермеді. Сағат 11:25-те биологиялық өлім тіркелді", — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Дерек бойынша Ақтөбе облыстық полиция департаменті ҚР ҚК "Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу