71 жастағы қарияның қол, аяғындағы кесілген жерін дәрігерлер тігіп берді. Сонымен бірге жүйке жүйесі қатты зардап шеккен қартқа психолог мамандар көмектеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақтөбе қаласындағы ауруханада ем алып жатқан қарияның жағдайы орташа ауыр. Дәрігерлер 2 қараша күні сағат 01:40-та жеткізілген қарияның жарасын таңып берді. Сонымен бірге оның қабырғасы сынғанын анықтады.
"Бес жерінен жарақат алған. Қол-аяғында соққының іздері бар. Сонымен бірге ол шок алған. Қазір жағдайы тұрақты, керекті емнің бәрін алып жатыр. Күн сайын психологтер қарап, әңгемелеседі. Өз әңгімесін айтқанымен, құлағы нашар естіген соң сұрақтарға дұрыс жауап бермейді. Әзірге ауруханада жатып, емін жалғастырады. Келесі апта қайта қарап, учаскелік дәрігердің бақылауына жіберуіміз мүмкін. Жағдайы орташа ауыр. Барлық керек емді түгел алып жатыр", – деді №1 көпсалалы қалалық ауруханасының бас дәрігері Қадірбек Иманбаев.
Еске салсақ, Ақтөбеде оқушы анасын өлтіріп, әжесін пышақтады. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.