Ақтөбеде оқушылар "ақылды терезе" ойлап тапты

1486

Оған балалардың терезеден құлап кететіні себеп болыпты.  

Ақтөбеде оқушылар "ақылды терезе" ойлап тапты

Ақтөбелік оқушылар "ақылды терезе" ойлап тапқан. Жас өнертапқыштар өз жұмыстарына патент рәсімдеп те үлгеріпті, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл құрылғы терезеге орнатылып, 90 см жерден дыбыс естілсе, құлыпталып қалады екен. Оны ашу үшін арнайы құпия сан сұралады. Кішкентай балалар терезенің жақтауына өрмелейтіндіктен, оларды сол жерлерге қондыруға кеңес беріледі.

"Біздің ойлап тапқан қондырғымыз сәбиі бар үйлер үшін қажет. Оны, сондай-ақ, мектеп-балабақшаларға орнатуға болады", - дейді жоба авторының бірі, қаладағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Айкен Алтай.

Оқушылар ойға алған жобаларын бір ай ішінде жүзеге асырыпты. Оларға физика, информатика пәндерінің мұғалімдері көмектескен. Ал "ақылды терезе" идеясын қолға алуға жыл сайын бірнеше сәбидің көп қабатты үйдің терезесінен құлап кететін көңілсіз статистикасы себеп болған.

Облыстық ПД мәліметі бойынша, Ақтөбе облысында 2018 жылы бір бала терезеден құлап кетіп көз жұмған, 2019 жылы осындай жағдайда бір сәби жарақаттанып, біреуі қайтыс болады. Өткен жылы екі бала жарақат алып, тағы екі баланы құтқару мүмкін болмаған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу