Ақтөбеде оқушылар бір-бірін құтқарды

534

Ақтөбе облыстық ТЖД ерлік танытқаны үшін Қолқанат Баққұлға алғыс білдірді.

Ақтөбеде оқушылар бір-бірін құтқарды Фото: inbusiness.kz

Ақтөбеде 15 жастағы оқушыны суға кетіп бара жатқан жерінен қүтқарып қалды. Оқиға Елек өзенінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бір топ ересек бала Елек өзені бойында ойнап жүреген жерінен арасында 15 жасар бала суға түсіп шыға алмай қалады.

Сол сәтте өзеннің арғы бетінде тұрған Қолқанат "құтқарыңдар!" деген дауысты естіп, дереу жүзіп көмекке келген.

Есінен танып, әлсіз күйге түскен баланы жағаға алып шығып, жанама жүрек массажын жасап аман алып қалған.

Қазір зардап шегушінің жағдайы тұрақты, дәрігерлер бақылауына алған. Ал Ақтөбе облыстық ТЖД адам өмірін құтқаруда ерлік танытқан Қолқанат Баққұлға алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу