Ақтөбелік оқушылар "Қазпошта" каталогына зерттеу жүргізіп, ондағы балалар мен жасөспірімдерге арналған басылымдардың аздығына қынжылыс танытты, деп хабарлайды "Тілші".
"Қазпошта" каталогына енген балалар мен жаспірімдерге арналған 114 басылымның тек 29-ы ғана қазақ тілінде", — дейді оқушылар.
№40 орта мектептің оқушыларын сонымен бірге, құрдастарының қандай телехабарларды көретіні қызықтырған.
Жасөспірімдер жағы көбіне "Жайдарман", "Түнгі студия", "Айтуға оңай" хабарларын қалт жібермеуге тырысады.
"Қандай газет- журналдарды оқисыз?" деген сауалға оқушылар "Жас өркен", "Мөлдір бұлақ", "Ақжелкен" журналдарын атаған.
Сонымен бірге, сауалнама қорытындысына сәйкес, 1-4 сынып оқушыларының дені әлеуметтік желілерден аса хабары болмаса, 5-11 сынып оқушылары, керісінше, желілерге көп жүгінетіндіктерін жасырмаған.