banner

Ақтөбеде оқушыларға салатын екпені шатастырып алған

778

Дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Ақтөбеде оқушыларға салатын екпені шатастырып алған

Ақтөбеде оқушыларға салатын екпені шатастырып алған дәрігерлер тергеліп жатыр. Рауан ауылындағы орта мектепте 1-сыныпта оқитын қырық балаға манту сынамасының орнына басқа вакцинаны егіпті. Соның кесерінен бүлдіршіндердің білегі іріңдеп, терісі тесілген.

40 оқушыға манту сынамасы емес туберкулезге қарсы вакцина салыныпты. Бұл мектепке қызмет көрсететін медицина орталығының дәрігері мен медбикесі кінәларын мойындап отыр, алайда ата-аналар үрейленіп ертеңгі күні балаларының денсаулығына алаңдаулы.

Екпе алған оқушылар енді алты ай бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Ата-аналар білікті мамандарды жинап балаларды толық тексеруден өткізіп, сондай-ақ дәрігерлер мен жеке меншік емхананың дәрігерлерін жауапқа тартуларын талап етуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу