Ақтөбеде он алты жастағы бала қамауға алынды

758

Ол педофил деген күдік тағылып отыр.  

Ақтөбеде он алты жастағы бала қамауға алынды

Ақтөбеде тергеу соты 16 жасар баланы екі аптаға қамаған. Оған кәмелет жасына толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа барды деген айып тағылып отыр. Заң бойынша, ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы тиіс. 

Нұрасхан есімді бала мен 15 жастағы оқушы қыз бірнеше айдан бері кездесіп жүреді. Шілде айында олар бірінші рет ата-аналарынан баланың әжесіне қашып барады. Оларды тауып алып кері қайтарғанмен, олар екінші рет тағы қашып кеткен. Бұл жолы қыздың анасы сот-медициналық сараптама жасауды талап етеді. 16 қыркүйек күні сараптама нәтижесі бойынша Нұрасханды "он алты жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынас немесе басқа да сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасау" бабы бойынша күдікті деп тауып, қамауға алады. 

Кейін қыздың анасы арызын қайтып алғысы келгенмен, қылмыстық іс қозғалып кеткен. Айтуынша, заңның осыншалық қатаң екенін білмеген. Белгілі болғандай, екі тарап балаларын үйлендіргісі келеді, алайда, оған да заң жүзінде рұқсат етілмеген. 

Мәселеге "Не молчи.kz" қоғамдық қорының негізін қалаушы Дина Тансари араласып отыр.

"Біз, әрине, заң бұзушылық болғанын түсінеміз, бірақ, тергеу соты неге жәбірленуші тарапты шақырып, жәбірленуші мен оның анасына сөз бермейді? Неге ақша алып отырған адвокаттар талап арыз жазбайды? Неге үй-ішіне күн көрсетпей отырғандарды қамамайды да жасөспірім баланы аса қауіпті қылмыскер сияқты тұтқындайды. Қорғаншылық органдары қайда? Біреудің суицид жасағанын күтеміз бе?", - деп жазады Дина Тансари. 

Қазіргі күні көпшілік жас өскіндер сезімнің жетегінде кетіп, не бүлдіргендерін түсінбей қалды деген пікірді. Болған жайға, негізінен, ұл-қызының тәртібін қадағаламайтын әке-шеше мен жыныстық тәрбие жөнінде дұрыс оқытпаған мектепті кіналағандар қарасы басым. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу