Ақтөбе қаласында өрт сөндірушілер дүңгіршек пен шайханадан екі тұрмыстық газ баллоны мен бір оттегі баллонын алып шықты. Осылайша, ықтимал жарылу қаупінің алдын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төтенше жағдай туралы "112" пультіне Жүргенев көшесінен хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер аялдама павильонына жапсарлас салынған дүңгіршек пен шайхананың өртеніп жатқанын анықтады.
Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар көлемі 20 және 30 литрлік екі тұрмыстық газ баллонын, сондай-ақ бір оттегі баллонын қауіпсіз жерге шығарды.
Өрт 40 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу