Ақтөбеде 12 ықшам аудандағы 9 қабатты үйден өрт шыққан. Тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтердің пәтердің ас бөлмесі отқа оранып, 2012 және 2015 жылы туған балалар қайтыс болды. Полиция тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды aktobenews.kz.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің таратқан мәліметіне сүйенсек, өрт кезінде 100-ден астам адамды қауіпсіз жерге шығарылған. Тұрғындардың көбі негізгі баспалдақ арқылы, ал кейбірі өрт сөндіру көлігінің көмегімен сыртқа шыққан.
"25 желтоқсанда екі бала көз жұмды. Осы оқиғаға байланысты сот алды тергеу жұмысы басталды. Өрт-техникалық және көптеген сот сараптамасы тағайындалды. Өрттің ас бөлмеден, газ плитасындағы пештен шыққаны белгілі болды. Плитаның пеші қосулы қалған. Сондықтан балаларды бақылаусыз қалдырмауды, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды сұраймыз", — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.