Ақтөбеде өсімдік майы зауыты іске қосылады

1493

Жобаның жалпы құны шамамен 2 миллард теңге.

Ақтөбеде өсімдік майы зауыты іске қосылады

Хромтау ауданында орналасқан өсімдік майы зауыты тәулігіне 150 тонна дайын өнім шығаруға қауқарлы. Құрылыс жұмыстары енді ғана аяқталған жаңа мекемеде жабдықтарды ретке келтіріп, баптау кезеңі өтуде. Сондықтан әзірге шикізатты өңдеудің алғашқы сатысы жүргізіледі, деп хабарлайды 24.kz. 

Жобаның жалпы құны шамамен 2 миллард теңге. Оның 790 миллионын мемлекеттік бағдарлама аясында 8%-тік үстемемен 10 жылға несие ретінде рәсімдеген. Жылына 40-45 мың тонна шикізат өңдейтін өндіріс үшін тапшылық болмауға тиіс. Себебі биыл Ақтөбе облысының өзінде 65 мың тонна күнбағыс егіледі деп жоспарланған.

"Қыркүйек айында толық қосылуға жоспарымыз бар. Сол кезде 120 адамдай жұмыс істейді. Өнімнің 15% ішкі нарыққа сатылады. Қалған 85% экспортқа сатуға жоспарымыз бар",– дейді зауыттың атқарушы директоры Қазбек Өтесінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу