Ақтөбеде "отбасылық бизнес" әшкере болды

869

Ерлі-зайыптылар жалған ПТР анықтамалар сатқан 

Ақтөбеде "отбасылық бизнес" әшкере болды

Ақтөбеде жалған ПТР анықтамаларды сатумен айналысқан ерлі-зайыптылар анықталды. Әзірге олар берген ПТР-тестін қолданған он адам белгілі, – деп жазды  inbusiness.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, олар бұл "іспен" 2020 жылдың соңында айналысып бастаған. Ақтөбенің 33 жастағы тұрғыны Ресей Федерациясымен шекарадағы "Жайсаң" шекара бекетінде Ресейге баратын жүк көліктерінің жүргізушілеріне ПТР-тест тапсырғандығы туралы анықтама беріп отырған. Ол үшін жүргізушілердің деректерін әйеліне жіберіп, ол соған сәйкес жалған куәліктер жасап, күйеуіне кері жолдайды. ПТР анықтамалары қаладағы медициналық орталықтардың бірінде жасалған. 

"Сотқа дейінгі тергеу барысында жалған ПТР-тестерін қолданған 10 азамат куәгер ретінде анықталып, олардан жауап алынды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр", – деп хабарлайды ПД баспасөз қызметінен. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу