Ақтөбеде өтетін Аналар слетына 1,2 мыңнан аса делегат қатысады

1013

Слетте "Анаға тағзым" рухани-танымдық тәрбие орталығы ашылады.

Ақтөбеде өтетін Аналар слетына 1,2 мыңнан аса делегат қатысады

20-21 қыркүйек күндері Ақтөбе облысында Аналар слеті өтеді. Шараға Қазақстанның барлық өңірінен 1200-ден астам делегат қатысады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Слет қатысушылары үшін Ақтөбе қаласының мәдени және әлеуметтік нысандарына бару, дөңгелек үстелдерге, шеберлік сабақтары мен жаттығуларға қатысу сияқты тағы да басқа іс-шаралар қарастырылған екі күндік ауқымды бағдарлама дайындалған.

Дөңгелек үстел барысында делегаттар әйелдердің қоғамдағы әлеуметтік рөлі мен мәртебесін арттырудың, демографиялық саясаттың дамуын, сондай-ақ, қазіргі заманғы отбасы, ана мен бала мәселелерін талқылап, оларды шешудің нақты жолдарын жасай алады.

Аналар слетінде "Туған жерге тағзым" акциясы аясында меценаттар қаражатына салынған Қазақстандағы тұңғыш "Анаға тағзым" рухани-танымдық тәрбие орталығының ашылуы жоспарланған. Аталмыш жобаәрқайсымыз үшін есімдері қасиетті барлық аналарға құрмет көрсетуге арналған. Қонақтар орталықтың экспозициялық залында Қазақстан тарихында маңызды рөл атқарған қазақ халқы әйелдерінің өмірі мен ерлік істері туралы жан жақты таныса алады.

"Анаға тағзым" орталығында өскелең ұрпаққа білім беру және  тәрбие жұмыстары жүргізіліп, жастарға заманауи қоғамда қажет құнды бағдарларды дамытуға мүмкіндік беретін психологиялық жеңілдеу және кеңес беру, қолданбалы өнер, жалпы даму, музыкалық тәрбие беру, стилистика мен дизайн, отбасылық тренинг жүргізу кабинеттері мен басқа да қызмет түрлері жұмыс жасайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу