Кәсіпқой бокс кешінен түскен қаржы "Харекет" қайырымдылық қорына аударылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Биылғы жастар жылы және Ақтөбе қаласының 150 жылдығы құрметіне орай "TUKESHOV BOXING PROMOTIONS" промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен Ақтөбеде екінші мәрте кәсіпқой бокс кеші өтеді.
"Басты мақсатымыз – облыстағы және еліміздегі кәсіпқой боксты дамыту. Бұл жақта жаңа есімдерді танып қана қоймай, тағы бір жанның баспаналы болуына үлесіңізді тигізесіз. Себебі, барлық билеттен түскен қаржы "Харекет" қайырымдылық қорына аударылатын болады. Олардың "1000 теңгеге баспана" жобасына өз үлесімізді қосқымыз келеді",– дейді ұйымдастырушы Жалғас Тукешов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу