Ақтөбеде өткен "Мерейлі отбасы" байқауына 506 отбасы қатысты

875

Ақтөбеде өткен "Мерейлі отбасы" байқауына  506 отбасы қатысты

Димаш Құдайбергеннің отбасы "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауы облыстық турының бас жүлде иегері атанды. Өңірлік кезеңнің қатысушылары 24 мамыр, бейсенбі күні Ақтөбеде салтанатты түрде марапатталды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі  

Биылғы байқауға облыстағы 148 елдімекеннен 500-ден аса отбасы қатысуға өтініш берді.

Екі айналымның қорытындысы бойынша гран-при иегері Құдайберген Айтбаев пен Миуа Низамутдинованың отбасы атанды.

Елу жыл отасқан жұбайлар бір ұл мен екі қызды, сонымен қатар, тоғыз немерені тәрбиеледі. Солардың бірі – әлемге әйгілі бірегей вокалист Димаш Құдайбергенов. Айтбаевтар әулетіне байқауға қатысып, жеңімпаз атанғандары үшін алғыс хат пен шипажайға жолдама берілді. Бұдан басқа, байқаудың облыстық турынан өткен тағы 27 жанұя алғыс хатпен марапатталып, тұрмыстық техникалар сыйланды. Сонымен қатар, жүлделі орындарға ие болған Қобда ауданынан келген Сүлейменовтер отбасына, Ырғыз ауданынан Нұрмановтарға, Байғанин ауданынан Көрпебаевтарға және Қарғалы ауданынан Прыймак жанұясына тұрмыстық техникалар тарту етілді.

Жеңімпаздарды облыс әімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.

"Ұйымдастырушылардың атынан барлық 506 отбасыға қатысқаны үшін алғыс айтқым келеді. Отбасы - мемлекетті құратын қоғамның бөлшегі. Егер отбасында бірлік, жақсы тәрбие, білім, мәдениет, отанына деген сүйіспеншілік болса, тұтас мемлекет те сондай болады. Әрине, Қазақстанның жетістігі, ең алдымен, әрбір қазақстандық отбасының еңбегі" - деді облыс басшысы.

Ол Айтбаевтарға отбасылар күнімен сәйкес келетін конкурстың соңғы республикалық кезеңіне жеңіс тіледі.

Республикалық жарыстың бесжылдық тарихында Ақтөбе халқы бір рет абсолютті жеңімпаз атанды. 2016 жылы Қазақстан бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері Абдулла мен Алила Нұсқабаевтардың көп балалы  отбасы үздік деп танылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу