Ақтөбеде өзенге кәріз суын ағызғандарды анықтап жатыр

719

Экологиялық апат туралы эко-белсендісі, "Дыши,Ақтөбе"  бірлестігінің негізін салушы Евгений Лазарчук дабыл қақты.  

Ақтөбеде өзенге кәріз суын ағызғандарды анықтап жатыр Фото: inbusiness.kz

Дүйсенбі күні Жіңішке өзеніне кәріз құдығынан су ағып жатқанын байқадым.  Жағымсыз иіс айналаны алып кетті. Лай, лас су екі кәріз құдығынан таралғанын көрдім. Бұл – қоршаған ортаға орасан залал келтіреді. Тек су емес, жануарлар, өсімдіктер дүниесі зардап шегеді,- дейді Евгений Лазарчук.

Кейін оқиға орнына облыстық экология департаментінің мамандары барған. Олар сарқынды сумен ластанған өзеннен,  топырақтан сынама алған.

"Ластану көзінің меншік иесін және ластанудың пайда болу себептерін анықтау үшін Ақтөбе қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды.

Сынамаларды талдау және кәріз құдығының меншік иесін анықтау нәтижелері бойынша Департамент қажетті шараларды қабылдайтын болады" деп хабарлады Ақтөбе облыстық экология департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу