Ақтөбеде пара алған шенеунікке сот үкім шығарды

656

Облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігерінен 1,5 миллион теңге сұраған облыстық ішкі аудит департаменті басшысының орынбасары оқиға орнында ұсталған еді.

Ақтөбеде пара алған шенеунікке сот үкім шығарды

Бүгін Ақтөбе облыстық ішкі аудит департаменті басшысының орынбасары Қалмағанбет Рақметовке сот үкім шығарды. Мемлекеттік қызметкердің 1,5 миллион теңге пара алғаны дәлелденді, деп хабарлайды aktobenews.kz.

Оқиға 2018 жылдың көктемінде басталған. Аталмыш мекеме мамандары облыстық перинаталдық орталықтың қаржылық бөлімін тексереді. Ішкі аудит департаментінің мамандары 77 миллион теңгенің есебіне қатысты құжаттардағы қателіктерді анықтайды. Шенеунік құжат олқылықтарын реттеу үшін сыйлық сұраған.

Облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігерінен 1,5 миллион теңге сұраған басшыны агенттік қызметкерлері оқиға орнында ұстады. Бір сөмке ақша мемлекеттік қызметкердің үстелінің тартпасынан табылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу