Ақтөбеде парақорлық бойынша бірнеше тергеу амалдары жүріп жатыр

1341

Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары мен кәсіпкерге қатысты тергеу жұмысы басталды.  

Ақтөбеде парақорлық бойынша бірнеше тергеу амалдары жүріп жатыр

Аталған шенеунікке жауапкершілігі шектеулі серіктестік өкілінен қала аумағын абаттандыру бойынша жасалған келісім сомасынан 100 млн.теңге көлемінде пара алды деген айып тағылған болатын. Бұл сома биылғы тендерден кәсіпкерді өткізу үшін берілді деп күдіктеліп отыр.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін әзірге жарияланып оытрған жоқ.

Сол сияқты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті ҚР ІІД жеке қауіпсіздік тобының бұрынғы бастығына, аға жедел уәкіліне және қалалық полиция басқармасының полицейіне сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оларға 2019 жылдың наурыз айында құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерінен қызметіне қайтадан орналастыруды уәде етіп, сенімге кіру, алдау жолымен ұйымдасқан түрде 600 мың теңге алды деген айып тағылып отыр. Күдіктілер тергеу барысында өз кінәларын мойындаған. Қалған мәліметтер құпия ұсталуда.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу