Оқиға 15 шілде күні болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері әскери институтының баспасөз қызметінің хабарлауынша, курсант жоспарлы оқу-жаттығу кезінде парашютпен секірген.
Ол алған жарақатынан оқиға орнында мерт болған.
– Алдын ала ақпаратқа сәйкес, секіру кезінде әскери қызметшінің парашюті ашылмай қалып, орны толмас қазаға ұшырады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Әскери институт пен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан курсанттың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі, – деп хабарлады ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері әскери институтының баспасөз қызметі.