Ақтөбеде пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты басталды

701

Ақтөбеде пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты басталды

Ақтөбе қаласында пауэрлифтингтен жасөспірімдер, жастар, ерлер мен әйелдер арасында ҚР чемпионаты өтіп жатыр. Онда республиканың аймақтарынан келген 250-ден астам спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Чемпионаттың ресми ашылуына Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов қатысып, барлық қатысушыларға құттықтау сөзін жеткізді және жарысты салтанатты түрде ашық деп жариялады.

"Чемпионат Ақтөбе қаласында бесінші рет өтіп отыр. Жергілікті спортшылар үшін үлкен тәжірибе жинауға көп көмегін тигізеді. Осы спорт түрінен қазіргі уақытқа дейін облыстан 4 Әлем чемпионы және 15 Азия чемпионы шығып отыр. Болашағынан үміт күттірер көптеген жас спортшыларымыз өсіп келеді", — дейді пауэрлифтингтен облыстың аға жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші Сергей Ведюшкин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу