Ақтөбеде педофилді қолға түсірді

876

Ол бостандыққа шыққан бір ай ішінде әйел мен жеткіншекті зорлаған.  

Ақтөбеде педофилді қолға түсірді

Ақтөбедегі ВОХР ықшамауданының тұрғындары соңғы бір ай бойына қорыққаннан сыртқа шығудан қалған. Оның себебі, карантин ғана емес, бірнеше рет сотталған ауыл тұрғынының кезекті рет жазасын өтеп келуі.

Шілденің 22-сі күні кешкі сағат 18.30 шамасында сол маңдағы дүкенге сауда жасауға барған он жасар жасөспірімді педофил арғы жағындағы сайдың ішіне күштеп әкетіп, ойына келгенін істейді. Абырой болғанда, күдіктінің өзін өзен суымен жуындырмақ болған сәтін пайдаланған қыз бала қашып үлгерген.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жеткіншекке зорлық көрсеткен күдіктіге қатысты 120-бабы 4-бөлімі және 121-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтады. Тергеу барысында анықталғандай,  9 шілдеде Орал қаласындағы түрмеден босап шыққан 33 жастағы азамат 14 шілде күні осы ауылда бір әйелді зорлаған екен. Белгілі болғандай, ол әйелдің зауыттан шыққанын аңдып тұрып, ұрып құлатқан да, сай ішіне әкеткен. Сөйтіп, оған зорлық көрсеткенімен қоймай, тонап, әмиянын тартып алады.

Қазір ВОХР  тұрғындары бас бостандығынан айыру орнынан шыққан адамның жүріс-тұрысын бақыламастан, бетіне қоя берген пробация қызметіне наразы. Белгілі болғандай, ол бұрын да әйел адамдарды ұрып-соғып, күш қолданатын әдетімен көзге түсіпті. Қорыққаннан еркін жүріп-тұрудан қалған көршілерінен қысылған күдіктінің анасы үйін амалсыз сатуға қойыпты.

Қазіргі күні Қазақстанда кәліметке толмағандарға қатысты сексуальдық сипаттағы қылмысы үшін 1600-ге жуық адам түрмеде жазасын өтеуде. Олардың аты-жөні, мекен-жайы туралы мәліметтер infopublic.pravstat.kz сайтында көрсетілген.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу