Ақтөбеде перзентханада өрт болды

891

Өрт шыққан кезде босану бөлмесінде 7 жүкті келіншек болған. 

Ақтөбеде перзентханада өрт болды

Ақтөбеде перзентханада матрац жанып, 500-ге жуық адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгін сағат 10:23-те Ақтөбеде перинатальды орталықтың жертөлесіндегі матрац жанды. Өрт 10:40-та өшірілді. Барлығы 175 адам құтқарылды. Оның 78-і бала, 97-сі ана. Сонымен қатар, 316 медицина қызметкері эвакуацияланды. Оқиға орнына 62 өрт сөндіруші мен 11 техника жіберілді. Апатты медицина орталығы мен Жедел құтқару жасағынан 7 адам, 2 техника барды. Жалпы ауданы 5 шаршы метр аумақ өртенді", – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ақтөбеде перинатальды орталық қызметкерлерінің айтуынша, өрт шыққан кезде босану бөлмесінде 7 жүкті келіншек болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу