"Шылым сұраған": Пойыз бастығын болмашы нәрсе үшін өлтірген ақтөбелік 20 жылға сотталды

Оның бас бостандығы түпкілікті 20 жылға шектеліп отыр.

"Шылым сұраған": Пойыз бастығын болмашы нәрсе үшін өлтірген ақтөбелік 20 жылға сотталды Фото: diapazon.kz

Сондай-ақ, 28 жастағы ақтөбелік 10 млн теңге моральдық шығынды өтеуі тиіс, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында пойыз бастығының өліміне күдіктіге сот үкімін оқыды.

Айыпталушы осыған дейін де қарақшылық, ұрлық жасағаны үшін сотталған. Биыл ғана № 2 Ақтөбе қалалық сотының үкімімен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу, кейін Ақтөбе облыстық сот алқасының қаулысымен 3 жылға бас бостандығы шектелген.

– Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы бойынша сотқа түсті. Сотталушы айыпты деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 60-бабын негізге алып, өтелмеген жазаның бір бөлігін қосып, түпкілікті 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны өтеу орны – қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесі. Жәбірленушінің азаматтық талап арызы ішінара қанағаттандырылып, моральдық шығын ретінде 10 млн теңге, өкілдің шығыны ретінде 800 мың теңге өндірілсін, – деді судья Ж.Сейітжапаров.

Сот Алқа билердің қатысуымен өткен. Судья Ақтөбе облыстық Полиция департаментіне жеке қаулы шығарған. Өйткені, сотталушы Ақтөбе облыстық сот алқасының қаулысымен бас бостандығынан айырылған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу