Ақтөбеде пойыздан түсірілген шетелдік 10 жылға сотталды

264

Көлік полицейлері оның курьер-закладчик болып жұмыс істегенін анықтады.

Ақтөбеде пойыздан түсірілген шетелдік 10 жылға сотталды Фото: ҚТЖ

Көліктегі полиция департаменті шетелдік азамат синтетикалық есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Осы жылдың маусым айында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақтөбе станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Өзбекстанның 25 жастағы азаматын анықтап, ұстады.

"Жеке тінту барысында одан жалпы салмағы 4,88 грамм "мефедрон" есірткі заты салынған 11 бумасы табылып, тәркіленді. Көлік полицейлері оның курьер-закладчик болып жұмыс істегенін, Telegram-чаттағы топ басшысынан есірткі заттары жасырылған жердің координаттарын алып, оларды ары қарай Ақтөбе қаласы бойынша таратып жүргенін анықтады", - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы (Аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау) бойынша жүргізілді.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Өзбекстан Республикасының азаматы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу