Ақтөбеде полицей қызметтік қарудан оқ атып, бір адам ауруханаға түсті

94

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Ақтөбеде полицей қызметтік қарудан оқ атып, бір адам ауруханаға түсті Фото: inbusiness.kz

Оқиға Хромтау қаласындағы демалыс орындарының бірінде болды. Жараланған адам қазір ауруханада ем алып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

"Аталған дерек бойынша Ақтөбе облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленуші медициналық мекемеге жатқызылды, жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар облыстық полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеді", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқ тиген 36 жастағы адамның жағдайы тұрақты, ауыр. Ол Хромтау аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, есін біледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу