Оқиға желісі жасөспірімнің темір "кастетті" сатамын – деген жарнамасынан басталған. 22 жастағы күдікті жас жігіттен суық қаруды сатып алмақ болып кездесуге шақырады. Кейін өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушіден ақша талап еткен. Шошынған боз бала дереу телефонын ломбардқа өткізіп, 133 мың теңгені айлакердің қолына санап береді. Құйтұрқы мақсатын жүзеге асырған күдікті қазір қамауда. Оның үстінен "алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу