Ақтөбеде пышақ жұмсаған оқушының ата-анасы қылмыстық жауапкершілікке тартылды

1112

Ақтөбеде пышақ жұмсаған оқушының ата-анасы қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Ақтөбеде пышақ жұмсаған оқушының ата-анасы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қараша күні балалар ауруханасына қалалық мектептердің бірінде білім алатын оқушы арқадан алған дене жарақаты диагнозымен түскен болатын. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 6- сынып оқушысы 5-сынып оқушысын жарақаттаған.

Екі бала да бір мектепте оқиды. Олардың арасында болған оқиға мектептен тыс жердегі дау-жанжалдың нәтижесінде орын алған. Зардап шеккен бала жеңіл дәрежедегі жарақат алып,  ауруханаға жатқызу қажеттігі болмаған.

Ата-аналармен және оқушылармен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді. Сонымен қатар,  жарақат салған оқушының ата-анасы ҚК-тің 140-бабы (кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.  Ал, оқушы кәмелетке толмағандардың  ісі жөніндегі инспекцияның есебіне тіркелді.

Жасөспірімдер  полицияның ерекше бақылауында. Барлық оқу орындарында ювеналды полиция инспекторлары бекітілген, олар үнемі алдын алу іс-шараларын жүргізіп отырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу