Ақтөбеде ресто-бардың иесі жазаға тартылды

207

Қазір мекеменің жұмысы уақытша тоқтатылды.  

Ақтөбеде ресто-бардың иесі жазаға тартылды Фото: restoran.kz

Жарты жылдан аса уақыт ішінде 10 әкімшілік, 7 қылмыстық іс тіркелген.

Жыл басынан бері полицияның жедел басқару орталығының "102" пультіне осы мекемеге қатысты барлығы 60 шақырту түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Осыдан кейін Ақтөбе облыстық полиция департаментінің ұсынысымен қаладағы ойын-сайық орны жұмысты уақытша тоқтатты.

– Тексеру нәтижесінде аталған ресто-бар мен оның келушілері тарапынан 10 әкімшілік құқық бұзушылық және 7 қылмыс жасалғаны анықталды. Сонымен қатар түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды кіргізген. Мұндай 2 дерек тіркелді. Полицейлер жинаған материалдарды Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Сот шешімімен жеке кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл салынды. Ойын-сауық орталығының қызметі 1 ай мерзімге тоқтатылды, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу