Ақтөбеде S-Group қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды

442

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың тұрғылықты жеріне тінті жүргізілді.

Ақтөбеде S-Group қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды Фото: Хабар24

Азаматтарды кіріс алу үшін компанияға тіркелуге шақырған екі азаматқа қатысты "Sincere Systems" (S-Group) қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару ісін ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті тергеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұйымдастырушылардың тұрғылықты жерінде тінту жүргізіліп, кеңсе техникасы (ноутбуктар, ұялы телефондар, процессорлар), компанияның заңсыз қызметіне қатысты құжаттар, келісім-шарттар, жарнамалық құралдар, презентациялар тәркіленді.

Тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚМА Алматыда S-Group қаржы пирамидасының өкілдеріне қатысты тергеуді бастағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу