Ақтөбеде сәбиін көршісіне тастап кеткен әйел табылды

986

Ақтөбеде 4 жасар баласын көршісіне қалдырып, сол күйі жоғалған әйел табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz POLISIA.KZ телеграм каналына сілтеме жасап.

Ақтөбеде сәбиін көршісіне тастап кеткен әйел табылды

Баланың анасы полицияға өзі келген. Айтуынша, ол баланы бейтаныс адамдарға қалдырып, жұмыс орнынан жалақысын алуға кеткен. Жолда танысымен кездесіп, екеуі алкогольдік ішімдік ішкен. 

43 жастағы әйелге ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша хаттама толтырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу