Балаларды қорғау күніне Ақтөбеде ерекше шара өтті. Кішкентай бөбектер еңбектеуден жарысты. Шараға қатысуға тілек білдіргендер көп болды. Ал кішкентайларды қолдауға келгендердің санында тіпті шек жоқ. Шарт бойынша байқауға әлі тәй-тәй баспаған бала ғана жіберілді. Тағы бір талап- кілемге шыққан баланы қолмен демеуге болмайды. Мәреге бөпе еңбектеп өзі жетуі тиіс.
Ата-аналар бәйгеге жүйрігін қосқан бапкердей баласына дем берді. Біреулері ұялы телефон, енді бірі баласының сүйікті ойыншығын көрсетіп, мәреге жетуге дем берді. Байқауға бас-аяғы 70 адам қатысты. Жарысқа қатысқан барлық бөбек сыйлықсыз қалмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу