Ақтөбеде алғашқы гүл өсіретін жылыжай салынады. Бұл туралы Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияров айтты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімінің айтуынша жылыжайдың құрылысына қажетті барлық материалдар дайын. Жоба осы жылдың сәуір айынан бастап салынады. Жылыжай жобасы 25 миллиард теңгегені құрайды.
"Гүл өсіретін жылыжай үшін Маржанбұлақ кентінен 15 га жер бөлінді. Бұл жобаны орындаушы - "Орандж-Холдинг" ЖШС. Мұндай жылыжайлар біздің Ақтөбеде жоқ. Жылыжай жыл бойына бірнеше гүлдердің түрін, соның ішінде қызғалдар пен раушан гүлін өсіреді", - деп нақтылады Алға ауданының әкімі.
Тұтастай алғанда, осы жылы Алға ауданында ауылшаруашылығы саласында үш ірі инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Сондай-ақ, цифрландыру аясында ауыл шаруашылығы саласында қуаты 1000 гектарлық автоматтандырылған суару жабдығы пайда болады.