Ақтөбеде саяжайдағы үйлерді су басты

889

Ақтөбеде саяжайдағы үйлерді су басты

Ақтөбеде ауа температурасы бірден +16 градусқа дейін көтеріліп, өзендер мен суқоймалары арнасынан тасыды. Биыл қыста қар мөлшердегіден 1,5 есе көп түсті. Күн күрт жылынып, қар бірден ерігенде, сай-сала суға толды. Қала сыртындағы екі суқойма сыйғанынша су қабылдады. Ақтөбе су қоймасының сыйымдылығы 245 млн текше метр, ал Сазды су қоймасы 6 млн текше метр суға шақталған.

Суқоймаларына сыймай, өзенге ағызылған су саяжай тұрғындарын әбден әбігерге салды. Сазды және Елек өзендерінің жағасында орналасқан үйлердің тұрғындары түнімен ұйықтамаған. Өзен арнасынан асып, үйлердің іргесіне жетіпті.

Құтқарушылар аса қауіпті аумақта қалған үйлердің тұрғындарын ғана қауіпсіз жерге көшіреді. Кешелі бері 68 адам көшірілсе, оның бесеуі арнайы дайындалған ғимаратқа орналастырылған. Қалғандары туған-туыстарына кетіпті. Су тасқынының алдын-алу үшін құрылған арнайы штаб суға қарсы әрекет ете алмай отыр.

Мамандар алдағы 3 тәулікте су деңгейінің әлі де көтерілуі мүмкін екенін айтады. Себебі қар еріп, өзендерге құйылып жатыр. Ал арнасынан асқан өзенді тоқтату мүмкін емес, сондықтан, әсіресе саяжай тұрғындары алдын-ала қам жасап, уақытша қауіпсіз жерлерге көшкендері дұрыс деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу