Ақтөбеде сегіз өзеннің арнасы тазаланып, тереңдетіледі

2070

Облыс орталығынан ағып өтетін сегіз өзеннің жалпы ұзындығы 118 шақырым. Бүкіл жұмыс осы жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. 

Ақтөбеде сегіз өзеннің арнасы тазаланып, тереңдетіледі

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қарғалы, Елек, Сазды және Бұтақ өзендерінде жүзеге асырылып жатқан тасқынға қарсы шаралардың барысымен танысты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Қарғалы өзенінің арнасын тазалау, түбін тереңдету және жағасын бекіту жұмыстары Садовое ауылынан Елек өзеніне дейінгі аумақта, сонымен қатар, Ақжар көпірінің ауданында жүргізілуде. Сазды өзеніндегі жұмыстар Сазды су қоймасынан Сәңкібай батыр даңғылына дейін, Елек өзені – Ақтөбе су қоймасынан Қурайлы ауылына дейін, Бұтақ – Ақжар-1 ауылынан Қарғалы өзеніне дейін жүргізілуде.

 "Бүгін Елек өзенінің түбін тереңдету және тазалау жұмыстарын жүргіздік. 1100 метрді жүріп өттік, 8 экскаватор жұмылдырылды. Жақын арада қосымша 30 экскаватор мен бульдозер және 70-80-дей адам тартамыз",– деді мердігер ұйым өкілдерінің бірі Әлібек Кенжебеков.

Облыс орталығынан ағып өтетін сегіз өзеннің жалпы ұзындығы 118 шақырым. Бүкіл жұмыс осы жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Аталмыш жобаны жүзеге асыру 2017 жылы орын алған су тасқыны жағдайының қайталанбауына мүмкіндік береді. Сол кезде су қоймаларындағы судың көтерәлуіне байланысты су деңгейі шекті деңгейге жетіп, салдарынан өзен арнасы маңындағы бау-бақша ұжымдары мен тұрғын үй алаптарын су алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу