Прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді. Бұл жиынға "ҚазХром" ТҰК" АҚ басшылығы мен ЖШС-тің құрылтайшысы да шақырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қабылданған шаралармен жалақы қарызы толығымен өтелді.
Басқа жағдайда, Шалқар аудандық прокуратурасымен "Ұлы Борсық" КМК-нің 519 қызметкерге 48 млн теңгеден астам жалақы қарызы анықталып, прокурорлық ықпал ету актісімен өтелді.
Осылайша, аталған кәсіпорындардағы 213 млн теңге болатын жалақы қарыздары өтеліп, жұмысшылардың құқықтары қалпына келтірілді.