Ақтөбеде шартты түрде сотталған 54 адамның жаза өтеу тәртібін бұзғаны анықталды

1033

21- 27 маусым айы аралығында Ақтөбе облысында "Шартты түрде" жедел профилактикалық іс- шарасы жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде шартты түрде сотталған 54 адамның жаза өтеу тәртібін бұзғаны анықталды

Облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 15 аудандық Пробация қызметтері осы кезеңінде 54 есепте тұрған сотталғанның ескертусіз тұрғылықты мекенжайын тастап кеткені анықталды. Олардың арасында бір жыл ішінде жаза өтеу шарттарын 2 немесе одан да көп бұзған 30 сотталғанға қатысты жазаларын бас бостандығынан айыруға ауыстыру жөнінде сотқа ұсыныс енгізілген.

"Облыс аумағында өтіп жатқан "Шартты түрде" республикалық жедел профилактикалық іс- шарасына байланысты күшейтілген режимдегі жұмысқа көшу кезінде Ақтөбе облысындағы 15 аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріліп, олардың жаңа қылмысқа жол бермеуіне қатысты ескертулер, әңгіме-сұхбат жұмыстары жүргізіліп келеді. Жалпы, аталған іс- шара кезінде Ақтөбе облысы аумағындағы 15 аудандық пробация қызметі бөлімдерінде Пробация қызметі және жергілікті пробация қызметтерінің учаскелік полиция инспекторлары, сондай- ақ, криминалдық полиция инспекторларымен бірлесіп құрылған мобильдік топтар өзара іс- қимылдың жақсы нәтижесін көрсетті. Бір айта кететін жайт, жедел профилактикалық іс- шарасы кезінде есепте тұрған сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау деректері тіркелген жоқ", – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы әділет майоры Азамат Наукенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу