Ақтөбеде үйдің шатырлары ұшып, ағаштар құлады: Дауылдан кейін қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр

463

Бірнеше тұрғын үйлер жарықсыз қалды.

Ақтөбеде үйдің шатырлары ұшып, ағаштар құлады: Дауылдан кейін қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр Фото: diapazon.kz

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін қалада солтүстік-шығыстан соққан жел бағыты оңтүстік-батысқа ауысты. Арты қатты дауылға ұласып, желдің екпіні 30м/с жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Дауыл салдарынан құлаған ағаштарды жинауға 10 мердігер ұйымның жұмыс бригадалары тартылды. Олар Астана ауданы бойынша 9 учаскеде, Алматы ауданы бойынша 7 учаскеде жұмыс жүргізіп жатыр. Ал көпқабатты үйлердің аула аумақтарында құлаған ағаштарды шығару жұмысын ПИК, және мүлік иелері бірлестігінің төрағалары ұйымдастырады. Сонымен қатар, қатты дауыл әсерінен 2 көпқабатты үйдің және 5 жеке тұрғын үйдің шатыры бүлінген, – деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Қаланы жарықпен қамтитын кәсіпорын да күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Жедел штаб құрылды.

– Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының 5 ауданында, Қурайлы, Пригородный тұрғын алаптарында электр энергиясын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Электрмен жабдықтау жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және туындаған ақауларды жедел жою мақсатында кәсіпорынның қосымша күші жұмылдырылды. Қазіргі таңда 10 авариялық бригада мен арнайы техника жұмыс атқарып жатыр. Қажет болған жағдайда қосымша бригадалар мен техникалар тартылады, – деп хабарлады ведомствадан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу