Ақтөбеде шегіртке дернәсілдері табыла бастады

332

Дәрі облыс орталығына және 12 ауданға таратылады.

Ақтөбеде шегіртке дернәсілдері табыла бастады Фото: Pexels

Ақтөбеде итальяндық прустың алғашқы дернәсілдері табылды. Биыл өңдеу жұмысына 304,5 млн теңге жұмсалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Биыл Ақтөбе облысында 784,4 мың га жер өңделеді. "Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжау әдістемелік орталығы" Ақтөбе облыстық филиалының ақпаратына сүйенсек, Алға, Байғанин, Ырғыз, Қобда, Темір, Ойыл аудандарының аумағында итальяндық прустың алғашқы дернәсілдері табылды. Фитосанитариялық жағдайды жақсартуға және шегірткеге қарсы күресті ұйымдастыруға биыл облыстық бюджеттен 304,5 миллион теңге бөлінген. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың айтуынша, қазіргі кезде 55,3 мың литр дәрі сатып алынды. Дәрі облыс орталығына және 12 ауданға таратылады.

"Шегірткемен күресу үшін облыстық және аудандық штабтар құрылды. Облыс әкімі Асхат Шахаров химиялық өңдеу жұмыстарын жеделдетуді және жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу