Ақтөбеде шетелдік азаматқа шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

378

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтөбеде шетелдік азаматқа шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды Фото: google.com

Ақтөбеде пышақ қолданып, шетелдік азаматқа қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды  Inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"16 шілдеде полицияның “102” телефонына шетел азаматы хабарласып, пышақ қолданып, оның телефонын тартып алған белгісіз тұлғаларға қатысты шара қолдануды сұрады. Жәбірленушіге келтірілген материалдық залал сомасы 100 теңгені құрады", делінген хабарламада.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері “ізін суытпай” екі ақтөбелік күдіктіні ұстады. Олар істеген істерін мойындады. Бүгінгі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар күдіктілерден ас үй пышағы мен жәбірленушінің ұрланған телефоны заттай дәлел ретінде тәркіленді. 

Тергеу жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу