Оқиға 15 маусым күні Ақтөбе Сәңкібай батыр даңғылында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Скутердегі ер адам жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасынан кейін скутердің жүргізушісі оқиға орнынан қашып үлгерген. Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында 73 жастағы зейнеткерді анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 615-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу