Ақтөбеде соңғы 2 жылда 29 бүйрек, 9 бауыр алмастыру операциясы жасалды

734

Ақтөбеде соңғы 2 жылда 29 бүйрек, 9 бауыр алмастыру операциясы жасалды

Ақтөбеде дерті асқынған 2 әйел адамның бауыры жедел түрде  алмастырылды. Санаулы күндері қалған сырқаттарға туыстары донор болған, деп хабарлайды 24.kz.

Ақтөбелік дәрігерлерге көмекке Оңтүстік Кореядан білікті дәрігер келіп, операцияның басы-қасында жүрді.

Профессор Кванг Вонг Ли бұған дейін де бірнеше рет келіп, жергілікті дәрігерлерге шеберлік сабақтарын өткізген еді. Күрделі операция сәтті аяқталып, науқастар қажетті ем-домын алып жатыр.

Жалпы соңғы 2 жылда облыста 29 бүйрек, 9 бауыр алмастыру операциясы жасалды. Оның ішінде 6 науқасқа қайтыс болған адамдардың органдары салынған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу