"Горожанин Актобе" арнасының хабарлауынша, Ақтөбеде жаңа ескерткіштерге миллиондаған қаржы бөлінгенімен, тарихи музейді қалпына келтіруге ақша табылмаған.
Ал бұл ескерткіштердің барлығының ортақ тұсы – арзан және сапасыз материалдардан жасалған және барлығы дерлік мемлекет қаражатына салынған. Көптеген ескерткіштер облыстың тарихи-мәдени мұралар тізіміне де енген.
"Ескерткіштер мен бюсттер бір-біріне ұқсас және композициялық немесе құрылымдық жағынан ешбір жағынан ерекшеленбейді. Тұғырлар үшін арзан материалдар алынады, жұмыс сапасы ақсап, уақыт өте келе сапасының нашарлап кетуі де осыдан", - деп жазады автор.
Автордың айтуынша, ашық ақпарат көздері мен сауалдарға берілген жауаптар бойынша небәрі 6 ескерткішке 300 миллион теңге жұмсалған. Бұл қаржы бұрынғы тарихи-өлкетану мұражайының ғимаратын қалпына келтіруге жеткілікті болар еді. Ал жұмсалған қаржысы анықталмаған кемінде тағы 10 ескерткіш бар.
"Ең сорақысы – жаңадан соғылған бұл ескерткіштер қорғалатын тізімге енгізілген. Ал сол жерден нақты тарихи ескерткіштер жойылып бара жатыр", - делінген материалда.